Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ STEM-ӘДІСТЕРДІ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Мадина Базарова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан
Карлыгаш Алибекқызы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан
Салтанат Адиканова Сәрсен Аманжолов Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қ., Қазақстан
Paweł Komada Люблин технологиялық университеті, Люблин, Польша

Жүктеулер

Жарияланды:

2026-06-30

Журналдың саны:

Нөмір 1 № 2 (2026): JICS_2_2026

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Қаралымдар:

6

Жүктеулер:

7

Кілт сөздер:

STEM-білім беру, оқытушылардың біліктілігін арттыру, кәсіби құзыреттілік, білім берудің цифрлық трансформациясы, STEM-әдістер, әдіснамалық модель, құзыреттілікті бағалау

Аңдатпа

Мақала білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесіне STEM-әдістерді интеграциялау мәселелерін зерттеуге арналған. Жұмыстың өзектілігі мұғалімдердің заманауи білім беру ортасы мен цифрлық экономиканың талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты. Зерттеудің мақсаты оқытушылардың цифрлық, сыни, зерттеу және жобалау-инженерлік құзыреттерін тиімді дамытуды қамтамасыз ететін негізгі STEM-әдістерді талдау және іріктеу болып табылады. Зерттеу әдістері ретінде ғылыми дереккөздерді талдау, педагогикалық тәжірибелерді жүйелеу, STEM әдістерінің, құзыреттерінің, индикаторлары мен бақылау формаларының сәйкестік матрицасын модельдеу және әзірлеу қолданылды. Нәтижесінде STEM-әдістер кешені қалыптастырылды және оқыту нәтижелерінің өлшемділігі мен қайталануын қамтамасыз ететін оқытушылардың біліктілігін арттыру процесіне оларды интеграциялау моделі әзірленді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы құзыреттілік және онтологиялық тәсілдер негізінде STEM әдістерін жүйелеуде жатыр. Жұмыстың практикалық маңыздылығы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу кезінде алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндігінен тұрады.

Базарова, М., Алибекқызы, К., Адиканова, С., & Komada, P. (2026). БІЛІМ БЕРУДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ STEM-ӘДІСТЕРДІ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. EKTU Journal of Information and Communication Sciences, 1(2). Retrieved from https://journals.ektu.kz/jics/article/view/2049