Авторлық нұсқаулық
Бұл бөлім («Авторларға») Авторларға арналған нұсқаулықты, материалдарды ұсыну жөніндегі нұсқауларды және жариялау қағидаларын қамтиды.
1. Жариялау тілдері
- Жариялауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар қабылданады.
2. Жалпы талаптар
Қарауға тек түпнұсқа қолжазбалар қабылданады, олар:
- бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған;
- басқа журналдарда қаралу үстінде емес;
- мәтіннің бірегейлігі талаптарына сәйкес келеді: бірегейлік деңгейі кемінде 65%, ал мәтіндік сәйкестіктердің рұқсат етілген деңгейі 25%-дан аспауы тиіс.
3. Материал түрлері
Журнал келесі материалдарды қабылдайды:
- түпнұсқа ғылыми мақалалар;
- шолу мақалалары.
4. Мақаланың құрылымы
Қолжазбаны халықаралық IMRAD құрылымы бойынша рәсімдеу ұсынылады. Мақаланың негізгі бөлімдері:
- Кіріспе;
- Әдебиетке шолу;
- Зерттеу материалдары мен әдістері;
- Нәтижелер және оларды талқылау;
- Қорытынды;
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
5. Көлемі және рәсімделуі
- Мақаланың көлемі: 10 беттен 14 бетке дейін (авторлар туралы мәліметтерді, аннотацияны, түйін сөздерді және әдебиеттер тізімін есептемегенде).
- Файл пішімі: .doc / .docx
- Файл көлемі: 20 МБ-тан аспауы тиіс
- Қаріп: Palatino Linotype
- Негізгі мәтін қаріп өлшемі: 10 pt
- Жоларалық интервал: бір жолдық
- Жиектер: барлық жағынан 3 см
- Туралау: ені бойынша
- Абзацтық шегініс: 1 см
6. Титулдық бет
Титулдық бетте мыналар көрсетілуі тиіс:
- МРНТИ коды;
- мақала атауы;
- авторлардың Т.А.Ә.;
- аффилиациялар;
- хат-хабар алмасуға арналған автордың e-mail адресі;
- авторлардың ORCID идентификаторлары;
- аннотация;
- түйін сөздер.
7. Аннотация және түйін сөздер
- Аннотация: 150–250 сөз
- Түйін сөздер: 5–8 сөз немесе сөз тіркесі
Аннотация зерттеудің өзектілігін, мақсатын, әдістерін, нәтижелерін және маңызын көрсетуі тиіс.
8. Иллюстрациялар, кестелер, формулалар
- Барлық суреттер мен кестелер нөмірленіп, атауларымен бірге берілуі тиіс.
- Суреттер сапалы және баспаға жарамды болуы керек.
- Кестелер Microsoft Word құралдарымен жасалып, редакциялауға жарамды болуы тиіс.
- Формулалар Microsoft Equation немесе MathType редакторларында терілуі тиіс.
9. Сілтемелер және әдебиеттер тізімі
- Мәтін ішіндегі сілтемелер APA 7th edition стандартына сәйкес рәсімделеді.
- Әдебиеттер тізімінде кемінде 15 дереккөз болуы тиіс.
- Олардың кемінде 5-еуі шетелдік дереккөздер болуы керек.
- Өзін-өзі дәйексөздеу деңгейі 20%-дан аспауы тиіс.
- Ағылшын тіліндегі мақалада орыс және қазақ тілдеріндегі дереккөздер үшін белгіленген талаптарға сәйкес транслитерация және аударма міндетті.
10. Қосымша міндетті бөлімдер
Мақаланың соңында мыналар көрсетілуі тиіс:
- мүдделер қақтығысы;
- қаржыландыру;
- этикалық мақұлдау туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда);
- ақпараттандырылған келісім (қажет болған жағдайда);
- деректердің қолжетімділігі;
- алғыс;
- жасанды интеллект технологияларын пайдалану туралы хабарлама (қолданылған жағдайда).
11. Авторлар туралы мәліметтер
Әдебиеттер тізімінен кейін авторлар туралы мәліметтер үш тілде беріледі: аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ұйымы, қаласы, елі, e-mail, ORCID, сондай-ақ журнал талаптарына сәйкес автордың фотосуреті.
12. Мақаланы ұсыну
Қолжазбалар журналдың онлайн-жүйесі арқылы қабылданады.
Редакция авторларға сайтта орналастырылған мақала шаблонын міндетті түрде пайдалануды ұсынады.
13. Ашық қолжетімділік және APC
- Журнал CC BY 4.0 лицензиясы бойынша ашық қолжетімді
- APC: мақұлданған мақала үшін 50 000 KZT
- APC төлемі мақұлдаудан кейін жүргізіледі