EKTU Journal of Architectural and Construction Sciences — сәулет, қала құрылысы, құрылыс конструкциялары, құрылыс инженериясы, құрылыс материалдары және салынған ортаның тұрақты дамуы салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерге арналған Қазақстан Республикасында шығарылатын, ашық қолжетімді, рецензияланатын ғылыми журнал.
Журнал сәулеттік жобалау мен теория, қалалық және аймақтық жоспарлау, тұрақты сәулет, құрылыс физикасы, құрылыс механикасы, құрылыс технологиялары, заманауи құрылыс материалдары, цифрлық жобалау және BIM-технологиялар, энергия тиімді ғимараттар, сондай-ақ құрылымдардың беріктігі мен орнықтылығы бағыттарын қамтитын кең ауқымды тақырыптар бойынша түпнұсқа ғылыми және шолу мақалаларын жариялайды.
2026 жылдан бастап журнал 1999 жылы негізі қаланған «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің хабаршысы» ғылыми басылымының дәстүрін жалғастырады.
Журнал барлық жарияланған мақалаларға ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді және ғылыми жарияланымдардың халықаралық этикалық стандарттарын сақтай отырып, зерттеу нәтижелерінің ашықтығын, сапасын және жаһандық деңгейде таралуын қамтамасыз етеді.
Баспагер: «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Жарияланым тілдері: қазақ, ағылшын, орыс
Жариялану жиілігі: тоқсан сайын (жылына 4 нөмір)
Рецензиялау: қосарланған жасырын рецензиялау (double-blind peer review)
Қолжетімділік түрі: ашық қолжетімділік (Open Access)
Мақала түрлері: түпнұсқа ғылыми мақалалар, шолу мақалалар
DOI: барлық мақалаларға DOI тағайындалады
Мақалаларды қабылдау жүйесі: Open Journal Systems (OJS) арқылы онлайн қабылдау
Жарияланым этикасы: журнал COPE ұсынымдары мен жарияланым этикасының халықаралық стандарттарын ұстанады
Платформы-партнеры журнала "Вестник"
Байланыс ақпараты
Қолжазбаларды жолдау, рецензиялау, редакциялық саясат немесе EKTU Journal of Architectural and Construction Sciences, қызметіне қатысты басқа да мәселелер бойынша журнал редакциясына хабарласуыңызды сұраймыз.
Бас редактор: Руденко Ольга Владимировна - кандидат технических наук, e-mail: [email protected]
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылыми журналдарының үйлестірушісі: Байгереев Самат Ракимгалиевич - PhD, қауымдастырылған профессор, e-mail: [email protected]