СУЫҚ КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫНДА ҚЫСЫМЫ ТӨМЕН ІЛЕСПЕ МҰНАЙ ГАЗЫН БҰРАНДАЛЫ КОМПРЕССОРЛАРМЕН СЫҒУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Жарияланды:
2025-09-10Журналдың саны:
№ 3 (2025): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"Бөлім:
Сәулет және құрылысМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
73Кілт сөздер:
бұрандалы компрессор, ілеспе мұнай газы, қысу, төмен қысым, жоғары тығыздық, суық климат, жетілдіру, сенімділікАңдатпа
Бұл жұмыста Қарашығанақ кен орны мысалында суық климат жағдайында маймен толтырылған бұрандалы компрессорлармен тығыздығы жоғары қысымы төмен ілеспе мұнай газын сығу ерекшеліктері қарастырылады. Сығу компрессорлық қондырғыларын пайдалану тәжірибесін талдау барысында май жүйесінен майдың шығуына, компрессордың жұмыс ұяшығында конденсаттың түзілуіне және төмен температурада май айналымының бұзылуына байланысты бірқатар мәселелер анықталды. Осы мәселелерді шешу үшін жабдықты жаңарту және жұмыс режимдерін оңтайландыруды қамтитын кешенді тәсіл ұсынылды. Атап айтқанда, майдың шығып кетуін болдырмас үшін серіппелі тоқтатқышы бар жылдам әсер ететін кіріс клапандары әзірленді және енгізілді, конденсатты азайту үшін май мен газдың жұмыс температурасы көтерілді, сондай-ақ теріс температурада май айналымын жақсарту үшін жылу алмасу жүйесі жаңартылды. Зерттеу нәтижелері ұсынылған шешімдерді енгізгеннен кейін компрессорлық қондырғылардың сенімділігі мен тиімділігінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті, бұл кәдеге жаратылатын төмен қысымды ілеспе мұнай газының көлемін ұлғайтуға және қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 ШҚТУ Хабаршысы
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Осы автор(лар)дың ең көп оқылған мақалалары
| № | Жарияланымның атауы | Авторлар | Тиістілігі | Тілі | Көрулер | Күні | Дәйексөз |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Автомобильді Үнемді Басқару Сапасын Бағалау Үшін Энергетикалық Көрсеткіштерді Қолдану Мүмкіндіктерін Талдау | Мырзабекова Д. |
|
KZ | 153 | 2023-03-31 | |
| 2 | Жүргізушілерді Үнемді Жүргізуге Үйрету Үшін Интегралды Энергетикалық Көрсеткіштерді Қолдану Мүмкіндігін Бағалау | Мырзабекова Д. |
|
KZ | 142 | 2024-06-27 | |
| 3 | Шекті Элементтер Әдісімен Тиеу-Жеткізу Машинасының Бұрылу Механизмінің Топсалы Түйінінің Жұмысқа Қабілеттілігін Модельдеу | Мырзабекова Д. |
|
EN | 125 | 2023-09-30 | |
| 4 | Новый Подход К Обучению Студентов Технических Университетов Как Гарантия Соответствия Международным Требованиям Сертификации Инженерных Кадров | Мырзабекова Д. |
|
RU | 121 | 2025-03-28 |