Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ТАРИХИ АСПЕКТ (1959-1989 ЖЖ.)

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Надира Махметова Shakarim Uneversity

Жүктеулер

Жарияланды:

2026-03-31

Мақала тілі:

Ағылшын тілі

Қаралымдар:

60

Жүктеулер:

27

Кілт сөздер:

демография, этникалық құрылым, урбанизация, көші-қон, халық санағы, әлеуметтік өзгерістер, табиғи өсім, өңірлік айырмашылықтар, тарихи демография, индустрияландыру, тың игеру, ұжымдастыру, әлеуметтік құрылым, этносаралық қатынас, аймақтық даму стратегиясы.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының 1959–1989 жылдар аралығындағы демографиялық дамуының аймақтық ерекшеліктері тарихи-статистикалық деректер негізінде кешенді түрде талданады. Кеңестік кезеңдегі тың және тыңайған жерлерді игеру, индустриализация, ұжымдастыру, көші-қон процестері халықтың этникалық құрылымына, урбанизация деңгейіне және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына елеулі ықпал етті. Зерттеу барысында Бүкілодақтық халық санағының 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдардағы деректері негізінде облыстардың қалалық және ауылдық халық үлесі, этникалық құрамның өзгерісі, халықтың табиғи өсімі мен көші-қон динамикасы жан-жақты қарастырылды. Этнодемографиялық ерекшеліктер негізінде ел аумағы төрт негізгі аймаққа: Солтүстік-Шығыс, Орталық, Батыс және Оңтүстік болып бөлініп, әрбір аймақтың өзіндік даму ерекшеліктері сараланды. Сонымен қатар, қазақ халқының үлесінің артуы, славян этностарының біртіндеп азаюы, урбанизация процесінің әркелкілігі сияқты үрдістер анықталды. Мақалада демографиялық өзгерістердің себептері мен салдары ғылыми тұрғыда түсіндіріліп, бұл процестердің қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымының қалыптасуына әсері нақты көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері өңірлік саясат пен этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу үшін маңызды дереккөз бола алады.

Автор өмірбаяны

Надира Махметова

PhD

ORCID: 0000-0001-6701-8019

Email: [email protected]

Махметова, Н. (2026). Қазақстанның демографиялық ерекшеліктері: тарихи аспект (1959-1989 жж.). SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIES, 1(1), 155–170. https://doi.org/10.51885/3107-2755_SSADH_2026_1_10