ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА АГРОСЕКТОРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ҚОЛДАНУ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-03-31Журналдың саны:
Нөмір 1 № 1 (2026): SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIESБөлім:
Экономика және БизнесМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
41Жүктеулер:
20Кілт сөздер:
аграрлық сектор, мемлекеттік бағдарламалар, аграрлық секторды қаржыландыру, ауыл шаруашылығы саласының проблемаларыАңдатпа
Ауыл шаруашылығы өндіріс процесінде де, сервистік инфрақұрылымда да жаңа технологияларды қолданудың жоғары үлесі есебінен әлемдік экономикада айтарлықтай өсуді қамтамасыз ететін көптеген елдер экономикасының негізгі саласы болып табылатыны сөзсіз. Ауыл шаруашылығы өндірісінің үдерісін белсенді дамыту және технологиялық жаңғырту осы салада жаңа цифрлық технологияларды қолдануды қажет етеді.
Аграрлық сектордың тұрақты жұмыс істеуі экономикалық өсудің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өзінің қызметін сыртқы немесе ішкі тұрақты қаржыландыруды үнемі қажет етеді, өйткені ұдайы жұмыс істейтін өндірістік циклдің азғантай бұзылуы ұзаққа созылатын, төмен рентабельді немесе тіпті рентабельді емес жағдайға әкелуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы өте қауіпті екені белгілі, сондықтан мемлекет тарапынан бұл тәуекел дәрежесін төмендету туралы шешім қабылдауы керек. Осыған байланысты бұл мақалада Қазақстандағы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау және оның нәтижелерінің тиімділігі қарастырылған.
Зерттеуді жүргізу үшін міндеттерді шешудің әдістемелік құралы ретінде деректерді таңдаудың жүйелі тәсілі, шындықты сандық және сапалық зерттеу әдістері, экономикалық, статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері қолданылады.
Қазақстандағы мемлекеттік қолдаудың, әсіресе қаржылық қолдаудың төмен деңгейі оның бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыруға елеулі кедергі болып отырғанын айта кеткен жөн. Аграрлық сектордың қазіргі жағдайы мемлекеттік реттеу механизмінің негізінен жерді, материалдық-техникалық, қаржылық, еңбек және ақпараттық ресурстарды сақтауға және дамытуға бағытталғандығына әкеледі. Осының негізінде ел экономикасының аграрлық секторын тиімді реттеудің ғылыми негізделген мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі айқын.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Маржан Сырымбек

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.