ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЭЛЕКТИВТІ КУРС ТӘЖІРИБЕСІНДЕ КРИПТОГРАФИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ГАУСС ӘДІСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-07-08Журналдың саны:
Нөмір 1 № 1 (2026): 2026_1Бөлім:
ArticlesМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
9Жүктеулер:
11Аңдатпа
Қазіргі цифрлы технологиялар дамыған заманда ақпараттық қауіпсіздік мәселесі орасан маңызға ие. XXI ғасырда адамзат үшін маңызды активтердің бірі – ақпарат, дерек болып табылады. Сол активтерді қорғауда ғылыми құрал негізінде криптография пайдаланылады. Криптография ғылыми құрал ретінде қолданылу аясы кең. Әрбір күнделікті көптеген алмасып жатқан ақпаратты шифрлау, қорғаумен қатар математиканың мектеп бағдарламасында да өзекті болады. Мысалы, оқушыларға кейбір абстрактілі тақырыптарды игеру қиынға соғады. Сондай тақырыптарды қызық әрі жеңіл түрде криптография элементтері арқылы түсіндіре аламыз.
Зерттеудің негізгі мақсаты – сызықтық теңдеулер жүйесін криптография элементтерін кіріктіре отырып, Гаусс әдісі арқылы шешуді оқушыларға үйрету. Оқыту процесін оңтайландыратын әдістеме ұсыну. Ұсынылған әдістеме нәтижесіне байланысты оқушылардың танымдық қабілеттерін де дамыту.
Зерттеу жұмысы барысында теориялық талдау, модельдеу және педагогикалық эксперимент әдістері қолданылды. Эксперимент Семей қаласындағы №45 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылды. Тәжірибелік жұмысқа 9-сыныптан 22 оқушы қатысты. Элективті курсты өткізу кезінде криптологиялық мазмұндағы есептерді сызықтық теңдеулер жүйесіне келтіру көзделді. Ал алынған сызықтық теңдеулер жүйесін Гаусс әдісімен шешуге арналған тапсырмалар пайдаланылды.
Криптография элементтерін пайдалану элективті курсы барысында оқушыларға оң әсер ететіндігі анықталды. Оқушылардың алгоритм бойынша жұмыс жасауы, логикалық ойтізбегін дұрыс құруы жақсаруы көрсетілді. Сонымен қатар, жалпы математика пәніне деген қызығушылық артқаны байқалды.
Жүргізілген зерттеу аясында криптография элементтерін пайдалану оқушылардың алгоритмдік және логикалық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететіндігі анықталды. Сондай-ақ,математикалық ұғымдарды тереңірек түсінуге көмектесіп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.
Практикалық тұрғыдан алғанда, ұсынылған әдістеме мектептің математика бағдарламасында элективті пән ретінде қолданыла алады. Сонымен қатар, пәнаралық байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Бакытжан Сагынтаева, Доктор PhD Мархабатов Н.Д

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.