Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ҚАЛАЛАРДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА САПАСЫН МОНИТОРИНГТЕУ МЕН БОЛЖАУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕГІ БҰЛТТЫҚ SAAS ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Арайлым Тукушова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан
Сауле Рахметуллина Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан
Мадина Базарова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен, Қазақстан
Алексей Пененко РҒА СБ Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты, Новосибирск қ., Ресей
Зарина Хасенова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды:

2026-09-30

Журналдың саны:

Нөмір 1 № 3 (2026): JICS_3_2026

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Қаралымдар:

84

Жүктеулер:

24

Кілт сөздер:

бұлтты есептеу қызметі; болжау; машиналық оқыту; ауа сапасы; сәулет

Аңдатпа

Бұл жұмыста жетілдірілген бөлшек-дифференциалдық стохастикалық модель негізінде сандық модельдеуді жүзеге асыруға арналған «SaaS» типіндегі есептеу сервисінің архитектурасы ұсынылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – пайдаланушыларға жеке есептеу ресурстарын қажет етпей-ақ жоғары дәлдіктегі есептеулерді орындауға мүмкіндік беретін модульдік жүйені әзірлеу.

Ұсынылған шешім өзара байланысқан бірнеше ішкі жүйеден тұрады: деректерді қабылдау, тапсырмаларды кезекке қою және алдын ала өңдеу, математикалық есептеу модулі, нәтижелерді талдау мен визуализациялау, жүйені мониторингтеу, журнал жүргізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әрбір ішкі жүйе қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды (Julia, Python, Django, Prometheus және т.б.) қолдану арқылы жүзеге асырылған, API арқылы өзара әрекеттеседі және PostgreSQL негізіндегі орталықтандырылған деректер қоймасына сүйенеді.

Нәтижесінде сұраныстарды автоматты түрде қабылдауды, есептеулер жүргізуді және алынған нәтижелерді түсіндіруді қамтамасыз ететін масштабталатын әрі істен шығуға төзімді архитектура қалыптастырылды. Қорытындыда мұндай үлестірілген тәсілдің тиімді екендігі және оны ғылыми модельдеу мен аналитиканың басқа да міндеттеріне бейімдеуге болатындығы атап көрсетіледі.

Тукушова, А., Рахметуллина , С., Базарова , М., Пененко , А., & Хасенова , З. (2026). ҚАЛАЛАРДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА САПАСЫН МОНИТОРИНГТЕУ МЕН БОЛЖАУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕГІ БҰЛТТЫҚ SAAS ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕУ. EKTU Journal of Information and Communication Sciences, 1(3). https://doi.org/10.51885/3134-8025_JICS_2026_3_11

Осы автор(лар)дың ең көп оқылған мақалалары

№ Жарияланымның атауы Авторлар Тиістілігі Тілі Көрулер Күні Дәйексөз
1 Білім Берудің Цифрлық Трансформациясы Жағдайында Оқытушылардың Біліктілігін Арттыру Жүйесінде Stem-Әдістерді Онтологиялық Модельдеу Және Ақпараттық Технологиялар Негізінде Интеграциялау Базарова М., Алибекқызы К., Адиканова С., Komada P.
  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан
  • Сәрсен Аманжолов Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қ., Қазақстан
  • Люблин технологиялық университеті, Люблин, Польша
KZ 98 2026-06-30
2 Қазақстан Су Қоймаларындағы Тәулікті Су Деңгейін Болжау Үшін Машиналық Оқыту Алгоритмдерін Қолдану Оралбекова  Ж., Перцев  П., Хасенова З., Оралбекова  Д., Айтмұханбетова  Э.
  • Astana IT University, Астана, Қазақстан
  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан
  • Ақпараттық және есептеу технологиялар институты, Алматы, Қазақстан
EN 75 2026-09-30