КӨРІНЕТІН ЖАРЫҚ КӨМЕГІМЕН ҮЙ-ЖАЙЛАРДА ОБЪЕКТІЛЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ТИІМДІ АЛГОРИТМДЕРДІ ТАҢДАУ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-09-30Журналдың саны:
Нөмір 1 № 3 (2026): JICS_3_2026Бөлім:
МақалаларМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
67Жүктеулер:
23Кілт сөздер:
VLC, позициялау, триангуляция, RSS, AOA, MATLABАңдатпа
Бұл мақалада ғимарат ішіндегі навигация жүйелерінде спутниктік технологиялардың шектеулерін толықтыру мақсатында қолданылатын көрінетін жарыққа негізделген (VLC) позициялау жүйесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – VLC негізіндегі позициялау алгоритмдерін талдау, олардың математикалық моделін құру және координаталарды анықтау дәлдігін бағалау. Жұмыста триангуляция, трилатерация, fingerprint және қозғалыс динамикасына негізделген алгоритмдер жіктеліп, LOS және NLOS компоненттерін ескеретін оптикалық арна моделі алынған. MATLAB ортасында AOA және RSS әдістері модельденіп, шу мен SNR көрсеткіштерінің позициялау қатесіне әсері зерттелді, сондай-ақ бұрыштық өлшеулер қателігінің триангуляцияға ықпалы бағаланды. Үш жарық көзін қолданғанда RSS алгоритмінің қателігі 0,15–0,25 м аралығында екені, ал AOA әдісінің шумға төзімділігі жоғары екені анықталды. Зерттеу нәтижелері VLC жүйелерін IoT құрылғыларымен және Smart Lighting платформаларымен интеграциялауға арналған практикалық ұсыныстар ұсынады.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Найзабаева А.А

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Осы автор(лар)дың ең көп оқылған мақалалары
| № | Жарияланымның атауы | Авторлар | Тиістілігі | Тілі | Көрулер | Күні | Дәйексөз |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Нейрондық Желілерді Қолдана Отырып, Тұрғын Үйдің Энергия Тұтыну Жүйесін Дамыту | Найзабаева  А., Алимханова  А., Қуанышбекқызы К., Ерсаинова Ж. |
|
KZ | 178 | 2026-02-27 |