ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРЫ ҮШІН АДДИТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕГІ ЖАҢА КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРГЕ ШОЛУ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-06-30Журналдың саны:
Нөмір 1 № 2 (2026): JES_2_2026Бөлім:
МақалаларМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
4Жүктеулер:
4Кілт сөздер:
аддитивті технологиялар, аддитивті өндіріс, 3D басып шығару, электр машиналары, магниттік тізбек, ротор, энергия тиімділігіАңдатпа
Бұл мақала электр машиналарын жобалау және өндіру саласында аддитивті технологияларды қолданудың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдауға арналған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі энергия тиімділігі жоғары, массасы аз және күрделі геометриялық пішіндерге ие электр машиналарын жасау қажеттілігімен айқындалады. Жұмыстың мақсаты – әртүрлі типтегі электр машиналарының конструкцияларында аддитивті өндіріс әдістерін қолдану бойынша соңғы ғылыми жетістіктерді жүйелеу және олардың техникалық артықшылықтарын бағалау. Зерттеу әдістемесі соңғы үш жылда жарияланған рецензияланатын ғылыми мақалалар мен конференциялық еңбектерді талдауға негізделген. Нәтижелер аддитивті технологиялардың катушкалар, магниттік тізбектер мен ротор элементтерін оңтайландыруға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ электр машиналарының энергия тиімділігі мен меншікті қуатын арттыратынын көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы аддитивті өндірістің электр машиналары конструкцияларын жетілдірудегі әлеуетін кешенді талдау арқылы негізделеді. Алынған қорытындылар заманауи электр машиналарын жобалау тәжірибесінде практикалық маңызға ие.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Altynbek Usserov, Darkhan Myrzaliyev, Vladimir Pecherskiy, Oryngul Seidullayeva, Nursaya Rakhymtay

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.