АВТОНОМДЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БИРОТОРЛЫ ЖЕЛ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-06-30Журналдың саны:
Нөмір 1 № 2 (2026): JES_2_2026Бөлім:
МақалаларМақала тілі:
Ағылшын тіліҚаралымдар:
11Жүктеулер:
5Кілт сөздер:
жел энергетикалық қондырғысы, шағын үлестірілген энергетика, автономды электрмен жабдықтау, бироторлы турбина, Бец шегі, цифрлық егіз, оқшауланған микрожелі, энергия жинақтағыштар, жел энергиясын пайдалану коэффициентіАңдатпа
Бұл жұмыста жел энергетикалық қондырғыларының оңтайлы аэродинамикалық және электромеханикалық схемасын таңдау арқылы қуаты шағын автономды электрмен жабдықтау жүйелерінің тиімділігін арттыру жолдарын талдау ұсынылған. Әдебиеттерге шолу және классикалық Бец шегін дамытатын теориялық тұжырымдамалар негізінде турбулентті және әлсіз желдер кезінде оқшауланған микрожелілерде пайдалану қиындықтарын еңсеру әдістері, сондай-ақ аккумуляторлық батареялардың тозуын бағалау тәсілдері қарастырылады. Екі сатылы турбиналарда жел энергиясын пайдалану коэффициентін 81,4%-ға дейін жеткізудің әлеуетті мүмкіндігі негізделеді. Ғылыми жаңашылдық шағын үлестірілген энергетика үшін ең перспективалы шешім ретінде осьтес қарсы айналатын бироторлы компоновканы кешенді талдаудан және тұжырымдамалық ерекшелеуден тұрады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы аэродинамикалық сипаттамаларды оңтайландыру, предиктивті мониторинг және жинақтағыштарды зияткерлік басқару үшін цифрлық егіз технологиясын енгізу әлеуеті туралы деректерді жүйелеуде жатыр, бұл тұжырымдамалық түрде жел турбиналарын жоғары сенімді жүйелер класына шығарады.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Maxat Tustykbayev, Bakhyt Absadykov, Erlan Askarov

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.