СПУТНИКТІК ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРУ ҮРДІСТЕРІН ТАЛДАУ КЕЗІНДЕ ИНТЕГРАЛДЫ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ ИНДЕКСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-03-31Журналдың саны:
Нөмір 1 № 1 (2026): JES_1_2026Бөлім:
МақалаларМақала тілі:
Орыс тіліҚаралымдар:
34Жүктеулер:
24Кілт сөздер:
Спутниктік қашықтықтан зондтау, вегетациялық индекстер, өсімдік жағдайының интегралды индексі (IVCI), қуаңшылық жағдайларын талдау және мониторинг, гидротермиялық коэффициент (HTC), дәнді дақылдардың өнімділігіАңдатпа
Климаттың аридтенуінің күшеюі мен қуаңшылық құбылыстарының жиілеуі жағдайында өсімдік жамылғысының жай-күйін талдау және оның өзгеру үрдістерін айқындау үшін интегралды вегетациялық индекстерді әзірлеу мен қолданудың маңызы арта түсуде. Зерттеуде түрлі вегетациялық индекстер әдісі пайдаланылды. Ерекше назар авторлар әзірлеген және алғаш рет Қазақстан аумағында қолданылған өсімдік жағдайының интегралды индексіне (IVCI) аударылды. Зерттеу MODIS спутниктік деректеріне (MOD09Q1, 2000–2023 жж.) негізделген және олар жерүсті агроклиматтық көрсеткіштерімен (Селяниновтың гидротермиялық коэффициенті) мен дәнді дақылдардың өнімділік статистикасымен салыстырылды. Талдау нәтижесінде Қостанай облысындағы метеостанциялардың 75%-дан астамында IVCI мен HTC арасында күшті және өте күшті корреляция байқалды, ал Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында орташа және күшті байланыстар басым болды. Ақмола облысы бойынша Манн–Кендалл сынағы мен Сен еңісін бағалау нәтижелері 2000–2023 жылдар аралығында IVCI өзгерісінің статистикалық тұрғыдан мәнді теріс үрдісін растады, ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша сызықтық трендтер өсімдіктердің жағдайының жалпы нашарлауын көрсетті. IVCI < 0.3 шекті мәні экстремалды қуаңшылық жылдарын (2008, 2010, 2012, 2023) және олардың кеңістіктік таралу аймақтарын айқындауға мүмкіндік берді. Осылайша, IVCI гидротермиялық коэффициенттің спутниктік баламасы ретінде қарастырылып, Қазақстандағы қуаңшылық жағдайларын мониторингтеудің жаңа құралы болып табылады.
