ЛИТОЛОГИЯЛЫҚ ДОМЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БҰЗЫЛУ ДЕҢГЕЙІНЕ ТӘУЕЛДІ АЛТЫНДАНУДЫҢ КЕҢІСТІКТІК ТАРАЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-09-30Журналдың саны:
Нөмір 1 № 3 (2026): JES_3_2026Бөлім:
МақалаларМақала тілі:
Орыс тіліҚаралымдар:
55Жүктеулер:
25Кілт сөздер:
гидротермалық кен орындары, жарықшақтылық, RQD, литологиялық домендер, кенАңдатпа
Жұмыста Ашиктас алтын кен орнында алтынның (Au) кеңістіктік таралуына литологиялық сегментация және жыныс массивінің құрылымдық бұзылу дәрежесін бағалау негізінде домендік талдау жүргізілді. Домендерді бөлу үшін жыныстардың сүзгілік-сыйымдылық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды көрсететін жалпыланған физикалық-механикалық сипаттамалар (тығыздық пен кеуектілік) бойынша біріктірілген ірілендірілген литологиялық топтар пайдаланылды. Бұрғылау және зертханалық зерттеулер деректері негізінде Au таралуының үшөлшемді геологиялық және блоктық модельдері, сондай-ақ жыныс массивінің жарықшақтылық дәрежесінің прокси-көрсеткіші ретінде қолданылған RQD моделі құрастырылды. Сандық бағалау алтын құрамының әртүрлі кластарындағы интервалдардың үлесін литологиялық домендермен және RQD мәндерімен салыстыру арқылы орындалды. Зерттеу нәтижелері бойынша алтынның жоғары концентрациялары төмен RQD мәндерімен сипатталатын кварцты аймақтарда шоғырланатыны анықталды, бұл алтынданудың қалыптасуында жыныс массивінің құрылымдық қайта өңделуінің жетекші рөлін көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңызы – литологиялық және құрылымдық факторларды сандық салыстыруға негізделген домендік тәсілді қолдану арқылы кенді аймақтарды болжаудың сенімділігін арттыру және әрі қарайғы геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлауды жетілдіру мүмкіндігінде.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Diyar Barmakov, Zinaida Chernenko , Egor Yazikov

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.