ҮЙІНДІЛЕРДІҢ ЖЫЛУДАН ҚОРҒАЙТЫН ЖАБЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ГЕОКОМПОЗИТТЕРДІҢ ТӨЗІМДІЛІГІ ЖӘНЕ МИКРОҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-02-27Журналдың саны:
Нөмір 1 № 1 (2026): JES_1_2026Бөлім:
МақалаларМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
67Жүктеулер:
18Кілт сөздер:
геокомпозит, төмен қысымды полиэтилен, геотекстиль, микроқұрылым, төзімділік, растрлық электронды микроскопия, жылудан қорғайтын жабын, пайдалану қасиеттеріАңдатпа
Мақалада Қоңырат кенішінің ТМТ үйінділерінің қысқы блоктарын жабу үшін қолданылатын төмен қысымды полиэтиленнен (ТҚП) және геотекстильден тұратын геокомпозиттің төзімділігін бағалау бойынша эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Әр түрлі уақытта (бір айдан үш жылға дейін) пайдаланылған үлгілер зерттелді. JSM-6390LV растрлық электронды микроскопын ("JEOL", 2007) қолдана отырып, ТҚП және геотекстиль беттеріне микроқұрылымдық зерттеулер жүргізілді. Пайдалану процесінде ТҚП бетінде материалдың біртіндеп деформациясын көрсететін микрожарықтар мен ойықтар пайда болатыны анықталды, ал геотекстиль құрылымы тұтастықты сақтайды. Нәтижелер геокомпозиттің полимерлі матрицасының деградациясының сипатын бағалауға және оның ұзақ мерзімді пайдалану жағдайында сыртқы әсерлерге жоғары төзімділігін растауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,полимер бөлігінде микроақаулар болса да, жабын өзінің функционалдығын сақтап, жылу қорғауды тиімді орындауды жалғастыратынын көрсетті.
