АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕР: ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-02-27Журналдың саны:
Нөмір 1 № 1 (2026): JES_1_2026Бөлім:
МақалаларМақала тілі:
Орыс тіліҚаралымдар:
56Жүктеулер:
20Кілт сөздер:
жер қоры, жердің құрылымы, жер қатынастары, мемлекеттік реттеу, антропогендік әсер, топырақ эрозиясыАңдатпа
Ғылыми мақалада ауылшаруашылығы жерлерін дамытудың қазіргі тенденцияларымен перспективалары қарастырылған.Зерттеу тақырыбының өзектілігі мемлекеттің экономиканың аграрлық секторында жерді ұтымды пайдалану және ауылшаруашылығы өндірісінде топырақтың деградациясына антропогендік әсер етудің алдын алу бойынша бірінші кезектегі міндеттерімен түсіндіріледі. Ғылыми мақаланың мақсаты – ауылшаруашылығы жерлерінің ресурстық әлеуетінің жағдайын зерттеу, оның болашақта дамуына әсер ететін негізгі факторларды анықтау. Проблемаларды зерттеу барысында ауылшаруашылығындағы жердің ресурстық әлеуетінің сандық және сапалық көрсеткіштерін талдау үшін статистикалық әдістер қолданылды. Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің материалдары негізінде еліміздегі жерге орналастырудың құрылымды қоргандары ұсынған жиынтық есептердің негізінде деректерді топтау және талдау әдістері қолданылды. Тақырып мәселелері бойынша теориялық дереккөздерді зерттеуде монографиялық әдіс қолданылды. Жер ресурстарына қоғамдық меншіктен мемлекеттік және жеке меншікке өтудің қазіргі кезеңінде ауылшаруашылығында жер қатынастарының дамуына әсер ететін негізгі фактор мемлекеттік деңгейде қабылданған заңдармен нормативтік-құқықтық актілер екені анықталды. Жер ресурстарын пайдаланудың қарқындылығын төмендететін фактор ауылшаруашылығына экономикалық және экологиялық зиян келтіретін антропогендік әрекетекені анықталды. Құрлықтағы топырақтың деградациясына климаттың өзгеруі, атмосфералық ауытқулар, сутасқыны, құрғақшылық және жел эрозиясы ықпал етеді. Зерттеу нәтижесінде ауылшаруашылығы өндірісінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және жердің тозуын еңсеру үшін жер қатынастарын жүйелі мемлекеттік реттеу қажет екені анықталды. Болашаққа практикалық ұсыныстар беріледі.
