ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ЕСЕПТІК ӘДІСТЕРДІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-06-30Журналдың саны:
Нөмір 1 № 2 (2026): JES_2_2026Бөлім:
МақалаларМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
5Жүктеулер:
5Кілт сөздер:
смарт-технологиялар, ГАЖ, «ақылды» көлік жүйелері, эксперименттік зерттеулер, машиналық оқытуАңдатпа
Мақалада қалалық көлік жүйесін талдаудың кешенді тәсілі қарастырылған, оның негізінде смарт-технологияларды қолдана отырып, эксперименттік және есептік әдістердің интеграциясы жатыр.
Зерттеу жүргізу үшін көлік құралдарының қозғалысының әртүрлі сценарийлерін модельдейтін үлгілер пайдаланылды. Бұл көлік ағындары туралы ақпаратты беру және өңдеу арқылы олардың параметрлерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Көлік саласында геоақпараттық жүйенің (ГАЖ) даму болашағы қарастырылып, автопилоттық навигациялық борттық ақпараттық жүйелермен жабдықталған «ақылды» көлік құралдарын біріктіру арқылы «ақылды» көлік жүйелерін құру мәселесі талданады. «Ақылды» көлік жүйелері заманауи жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қамтитын дамыған жол инфрақұрылымына ие болуы тиіс.
«Ақылды» көлік жүйелерінде кептелістерді болжау және көлік құралдарының бағыттарын оңтайландыру үшін машиналық оқыту әдістері мен алгоритмдері, квантильдік регрессия және нейрондық желілер қолданылады.
Жолдардың бақылау учаскелерінде жол инфрақұрылымымен өзара іс-қимыл бағытын оңтайландыру негізінде көлік жүйелерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тәжірибелік сынақтан өткізу үшін эксперименттік зерттеулер жүргізу қажет.
Зерттеу нәтижелері қалалық мобильділікті оңтайландыру мен көлік жүйелерінің тиімділігін арттыруда практикалық маңызға ие болады.
