ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУДА BIM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-09-30Журналдың саны:
Нөмір 1 № 3 (2026): JACS_3_2026Бөлім:
МақалаларМақала тілі:
Ағылшын тіліҚаралымдар:
50Жүктеулер:
13Кілт сөздер:
Ғимараттардың ақпараттық модельдеуі (BIM), BIM технологиялары, энергия тиімді ретрофит, сейсмикалық ретрофит, коллизияларды анықтау, кешенді реконструкция, құрастырмалы қасбет жүйелері, тұрғын үйлерді модернизациялау.Аңдатпа
XX ғасырдың екінші жартысында салынған жаппай тұрғын үй қорының ескіруі, энергия тиімділігіне, сейсмикалық қауіпсіздікке және қала ортасының сапасына қойылатын қатаң талаптармен бірге, ресурстар шектеулі және бастапқы деректер толық емес жағдайларда дәстүрлі 2D‑жобалау тәсілдерінің жеткіліксіздігін айқындайды. Мақалада көппәтерлі тұрғын үйлерді кешенді реконструкциялауда ғимараттардың ақпараттық модельдеу (BIM) технологияларын қолдану қарастырылады. Энергоэффективті және сейсмикалық ретрофит бойынша шетелдік жобалар тәжірибесі жүйеленіп, индустриялық құрылысы дамыған елдер үшін өзекті негізгі BIM‑құралдар айқындалған. Климаттық аудандастыруды, өңірлердің сейсмикалық белсенділігін және тұрғын үй қорының типтік құрылымын ескере отырып, бұл құралдарды Қазақстан жағдайына бейімдеу әдісі ұсынылады. BIM‑құралдарды реконструкция міндеттерімен және өңірлермен сәйкестендіретін сводтық кесте түріндегі үлгі әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, цифрландырудың басым бағыттарын белгілеуге және пилоттық модернизация жобаларын жоспарлауға негіз бола алады.
