ӨЗДІГІНЕН ТЫҒЫЗДАЛАТЫН БЕТОН ҚҰРАМЫНДАҒЫ МИКРОКРЕМНЕЗЕМНІҢ ШӨГУ, БЕРІКТІК ЖӘНЕ РЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-03-31Журналдың саны:
Нөмір 1 № 1 (2026): JACS_1_2026Бөлім:
МақалаларМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
47Жүктеулер:
17Кілт сөздер:
Өздігінен тығыздалатын бетон, микрокремнезем, шөгу, беріктік, пуццоландық белсенділік, реологияАңдатпа
Бұл жұмыста микрокремнеземнің (МК) өздігінен тығыздалатын бетонның (ӨТБ) шөгу, беріктік және реологиялық қасиеттеріне әсері зерттелген. МК мөлшері цемент массасының 5%, 10% және 15% көлемінде қолданылған. Эксперименттік зерттеулер отандық және еуропалық стандарттарға сәйкес жүргізілді және бетонның ерте және кейінгі қату кезеңдеріндегі қасиеттерінің өзгеріс заңдылықтарын анықтауға бағытталған. Зерттеу нәтижесінде микрокремнеземнің жоғары пуццоландық белсенділігі цемент тасын тез гидратациялауға және тығыз микроструктура қалыптастыруға ықпал ететіні анықталды. Бұл капиллярлы кеуектіліктің төмендеуіне және бетон беріктігінің 19%-ға дейін артуына алып келеді. Сонымен қатар, бақылау қоспасымен салыстырғанда шөгу деформациялары 27%-ға дейін төмендегені байқалды. Сонымен бірге микрокремнеземнің бетон қоспаларының реологиялық қасиеттеріне әсері зерттелді, бұл олардың ерте кезеңдегі орнықтылығы мен ыңғайлы төселуін болжау үшін маңызды. Зерттеу нәтижелері Алматы қаласының климаттық жағдайларын ескере отырып, ұзақмерзімді темірбетон конструкцияларын жобалау және қолдану үшін практикалық маңызға ие.
