Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҒИМАРАТЫ ІРГЕТАСЫНЫҢ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫНА СУ АЛУДЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Ербол Оразалы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті
Данияр Токанов Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті
Асель Мухамеджанова Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті

Жүктеулер

Жарияланды:

2026-06-30

Журналдың саны:

Нөмір 1 № 2 (2026): JACS_2_2026

Мақала тілі:

Ағылшын тілі

Қаралымдар:

1

Жүктеулер:

1

Кілт сөздер:

таспалы іргетас, іргетастың шөгуі, жер асты суларының әсері, негіз топырақтары, жер асты суының деңгейі, дренаж жүйесі

Аңдатпа

Мақалада Қарағанды қаласының «Восток-2» шағынауданында орналасқан, жоғары ылғалдылық пен жер асты суларының көтерілуі жағдайында пайдаланылып жатқан таспалы іргетастары бар тұрғын үй ғимаратының техникалық жай-күйін кешенді зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу визуалды, аспаптық және есептік әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Табиғи ылғалдылық жағдайында супесь топырағының деформация модулі 11,8 МПа-ны құрайтыны, ал суға толық қаныққан кезде 5,9 МПа-ға дейін төмендейтіні анықталды. Толық суға қанығу жағдайындағы іргетастың есептік шөгуі 12,25 см-ге жетіп, нормативтік мән — 10 см-ден асып түсетіні көрсетілді. Деформациялардың негізгі бөлігі топырақтың жоғарғы қабатында қалыптасатыны анықталды. Есептеулер нәтижесінде негіздің нормативтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін суға қанықпаған тірек қабатының ең аз қалыңдығы 1,11 м және суды төмендетудің ең аз тереңдігі 3,71 м екені белгіленді. Алынған нәтижелер іргетастары су басу жағдайында болатын ғимараттарды пайдалану және дренаждық жүйелерді жобалау кезінде қолданылуы мүмкін.

Оразалы, Е., Токанов, Д., & Мухамеджанова, А. (2026). ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҒИМАРАТЫ ІРГЕТАСЫНЫҢ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫНА СУ АЛУДЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ. EKTU Journal of Architectural and Construction Sciences, 1(2). Retrieved from https://journals.ektu.kz/jacs/article/view/1665