КЕҢІСТІКТІК СЕЙСМИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРГЕ БАРЛАУЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Жарияланды:
2023-03-31Журналдың саны:
№ 1 (2023): «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы»Бөлім:
СтатьиМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
140Кілт сөздер:
деректерге интеллектуалды талдау жасау, деректерге статистикалық талдау жасау, кеңістіктік талдау, визуализацияАңдатпа
Мақалада тіркелген сейсмикалық оқиғалардың, жер сілкіністерінің деректерін өңдеудің интеллектуалды талдау құралдары бойынша жасалған зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу екі кезеңде жүргізілді. Бастапқы кезеңде тіркелген сейсмикалық оқиғалар деректеріне статистикалық өңдеу жүргізілді. Уақыт аралықтары мен уақыт бойынша жер сілкіністерінің таралуына қатысты сандық нәтижелер алынды, сондай-ақ магнитудалық кластар бойынша жер сілкіністері тығыздықтарының графиктері тұрғызылды. Келесі кезеңде магнитудалар кластары бойынша жер сілкіністерінің геокеңістіктік нүктелеріне қатысты визуалды талдаулар жүргізілді және Қазақстан Республикасы (ҚР) аумағына тиесілі ошақтар анықталды. Зерттеудің бұл түрі сейсмикалық аймақтарға бөлу карталарын жаңартуда, заманауи құрылыстарды жобалауда, сондай-ақ жер сілкінісі туралы жинақталған тарихи деректерге тереңірек және салыстырмалы түрде талдау жасауда пайдалы болады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері кейіннен деректерге машиналық оқыту әдістерімен талдау жасап, жер сілкінісі кластерлерін құруда қолданылады.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Вестник ВКТУ
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Осы автор(лар)дың ең көп оқылған мақалалары
| № | Жарияланымның атауы | Авторлар | Тиістілігі | Тілі | Көрулер | Күні | Дәйексөз |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Сүзгілеу Және Сапаны Бағалау Негізінде Мрт Кескіндерін Өңдеудің Кешенді Тәсілі | Құмарқанова А., Танкибаева А., Тлебалдинова А., Карменова М., Кумаргажанова С. |
|
KZ | 134 | 2025-07-06 | |
| 2 | Методы Обеспечения Безопасности Баз Данных | Karmenova M. |
|
RU | 129 | 2023-12-22 |