Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСҚАРУДА «ФЕРМЕР ПЛАНШЕТІН» ӘЗІРЛЕУ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Маржан Тогуззова ВКТУ им. Д.Серикбаева
Алма Абдыгалиева -
Айнур Оралбекова -

Жарияланды:

2022-04-13

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Қаралымдар:

159

Кілт сөздер:

Дәлме-дәл егіншілік, ауыл шаруашылығы, IT-технологиялар, электрондық карталар

Аңдатпа

Қазіргі уақытта геоақпараттық технологиялар ауыл шаруашылығында белсенді түрде қолданылып келеді және әртүрлі қосымшаларды, әсіресе мобильді қосымшаларды қолдану олардың ұтқырлығы мен қол жетімді құны арқасында дәлме-дәл егіншілік жүйесінде пайдалы құралға айналды. Олардың есептеу қуаты нақты егіншілік жүйелерін енгізу кезінде туындайтын түрлі тәжірибелік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Мақалада фермерлерге арналған отандық, сондай-ақ шетелдік қосымшаларға салыстырмалы талдау жүргізілді, олардың негізгі функционалдық мүмкіндіктері мен артықшылықтары анықталды. Дала жұмыстарының барысы туралы деректерді жедел жинауды, жинақтауды және беруді қамтамасыз етуге, қолда бар картографиялық, мұрағаттық және анықтамалық материалдарды талдауды орындауға, ауыл шаруашылығы өндірісін жедел, тиімді бақылау және басқару үшін еңбек және материалдық ресурстардың пайдаланылуын бақылауды жүргізуге мүмкіндік беретін ғылыми әзірлемелер, қолда бар аналогтарды есепке алу негізінде университет ғалымдарының тобы «Фермер планшеті» қосымшасын әзірлеуде.

Тогуззова, М., Абдыгалиева, А., & Оралбекова, А. (2022). АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСҚАРУДА «ФЕРМЕР ПЛАНШЕТІН» ӘЗІРЛЕУ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы, (1). Retrieved from https://journals.ektu.kz/vestnik/article/view/77