ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНАЙЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Жарияланды:
2023-12-22Журналдың саны:
Нөмір 1 № 4 (2023): CITechМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
786Кілт сөздер:
Толықтырылған шынайылық, 3D модель, визуализациялау, цифрлық түрлендіру, Android негізінде, инфрақұрылымдық жобаларАңдатпа
Бұл жұмыста толықтырылған шынайылықты қолдану салалары қарастырылып, зерттелді, әдеби шолу жасалды. Әдеби шолу толықтырылған шынайылықтың көп салаларда тәжірибелік қолданысқа ие, дамып келе жатқан технологиялардың бірі және таңдап алынған зерттеу тақырыбы өзекті екенін көрсетті. Толықтырылған шынайылық технологиясын жылжымайтын мүлік нарығында пайдаланудың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрнекі түрде көрсету мақсатында BI Group құрылыс компаниясының төрт тұрғын үйі таңдап алынды. Бұл үйлердің толықтырылған шынайылық технологиясының көмегімен 3D моделін беретін интерактивті қосымша құрылды. Пайдаланушы интерфейсі әзірленді. Батырмалардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін арнайы тоғыз скрипт жазылды. Қосымшаны қолдануға ыңғайлы болу үшін Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін мобильдік нұсқасы әзірленді. Қалалық инфрақұрылым жобаларында толықтырылған шынайылықтың қолдану қажеттілігі сипатталды.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 ШҚТУ Хабаршысы
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Осы автор(лар)дың ең көп оқылған мақалалары
| № | Жарияланымның атауы | Авторлар | Тиістілігі | Тілі | Көрулер | Күні | Дәйексөз |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Студенттер Денсаулығын Қашықтықтан Бақылау Жүйесін Ұйымастыру | Zhartybayeva M., Оралбекова Ж. |
|
KZ | 91 | 2024-03-29 |