A ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ОПЕРАТОРЛЫҚ ӘДІСТЕРІН ШОЛУ
Жарияланды:
2023-06-30Журналдың саны:
№ 2 (2023): «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы»Бөлім:
СтатьиМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
268Кілт сөздер:
диференциалдық теңдеу, операторлық әдіс, Хевисайд операторы, сызықтық дифференциалдық оператор, d-оператор, бүтін емес ретті дифференциалдық теңдеудің шешіміАңдатпа
Мақалада диференциалдық теңдеулерді шешудің операторлық әдістерін шолу барысында Хевисайд операторы, жергілікті d-операторы, сызықтық дифференциалдық операторы, бүтін емес ретті дифференциалдық теңдеулердің операторлық шешімі қарастырылды. Операторлық әдіс сызықтық дифференциалдық теңдеулерді шешуге өте ыңғайлы екендігін және бұл әдісті қолдана отырып көптеген практикалық мәселелерін шешуге болатындығы айтылады. Қарапайым дифференциалдық теңдеулер мен жартылай дифференциалдық теңдеулерді шешуді жеңілдетуге көмектесетін Хевисайд операторлық әдісі екені және D операторының өрнегі кеңейтілген түрде жеткілікті көлемде жазылатындығы, бірақ қарастырылып отырған жағдайлардың туындылары мен интегралдары бір теңдікте жазылса, оны шағын түрде білдіруге болатындығы көрсетілген. Сызықтық дифференциалдық оператордың қысқаша қасиеттері туралы жазылған және бүтін емес ретті дифференциалдық теңдеудің оператор әдісімен табылған шешімі ұсынылған.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 ШҚТУ Хабаршысы
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.