НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ АУМАҒЫНЫҢ КӨЛІКТІК-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Жарияланды:
2022-04-13Журналдың саны:
№ 1 (2022): «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы»Бөлім:
СтатьиМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
315Кілт сөздер:
Түйін сөздер: Азық-түлік белдеуі, ауыл шаруашылығы, экономикалық-географиялық жағдай, көліктік-географиялық жағдай, көлік желілері.Аңдатпа
Аңдатпа. Мақалада Қазақстанның дәнді-дақылдар өсіретін және тауарлық астық өндіретін басты өңірлерінің бірі және астананың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету жағынан маңызды буын болып табылатын Ақмола облысының көліктік-географиялық жағдайы талданған. Көліктік-географиялық жағдай өңірдің көлік желілеріне, көлік тораптары мен ағындарына қатысты жағдайын анықтайды. Ол өндіріс элементтеріне қатысты орнына қарай бөлінетін, экономикалық-географиялық жағдайдың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Зерттеліп отырған аумақтың экономикалық-географиялық жағдайының тиімділігі, оның астана маңы мәртебесінің болуы, маңызды темір жол және автомобиль жолдарының қиылысында орналасуы өңірге жоғары көліктік әлеуетті қамтамасыз етеді. Облыста республика бойынша темір жол бағыттарының ең жоғары тығыздығы тіркелген. Сонымен қатар, өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің жұмыс істеуінде маңызды роль атқаратын автомобиль жолдарымен қамтамасыз етілуі әкімшілік аудандар бойынша бағаланған. Зерттеу нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік белдеуі аумағының әкімшілік аудандар бойынша автожолдар тығыздығы картасы құрастырылды. Автомобиль жолдарын сипаттайтын көрсеткіштер де, өңірдің автомобиль жолдары желісімен қамтамасыз етілу деңгейі орташа республикалық деңгейден жоғары деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Вестник ВКТУ
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.