Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

СҰЙЫҚ ШЫНЫ НЕГІЗІНДЕГІ ОТҚА ТӨЗІМДІ БЕТОН ҚҰРАМЫН MS-500 ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ПРЕСС СЫНАҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ТӘЖІРИБЕЛІК АНЫҚТАУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Murat Alimkulov ALT Университет имени Мухамеджана Тынышпаева

Жарияланды:

2025-12-30

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Қаралымдар:

46

Кілт сөздер:

отқа төзімді бетон, отқа төзімді материалдар, футеровка, қайнау қабатты пеш, сұйық шыны, , бетонның термотөзімділігі.

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – қайталама отқа төзімді материалдарды пайдалану арқылы қайнау қабатты пештің қызмет ету мерзімін арттыру және отқа төзімді бетонның физика-механикалық қасиеттерін тәжірибелік және компьютерлік талдау арқылы бағалау болып табылады. Жұмыста дәстүрлі шамот кірпішінен жасалған футеровканы монолитті бетонмен алмастырудың тиімділігі қарастырылды. Негізгі байланыстырғыш ретінде натрий фторсиликаты бар сұйық шыны қолданылды, ол жоғары температура мен агрессивті ортада (SO₃) беріктігін сақтай алады. Эксперименттік зерттеу нәтижелері 900 °C температурада 12–14 термоциклге дейін бұзылусыз төтеп берген бетон үлгілерінің беріктігін көрсетті. Алынған нәтижелер отқа төзімді бетонның қайнау қабатты пештерде қолдануға толық сәйкес келетінін және оның жылу мен механикалық беріктігінің жоғары деңгейін дәлелдейді. Зерттеу нәтижесінде қайталама шамот материалдарын пайдалану отқа төзімді бетонның құрамын оңтайландырып, оның термотөзімділігі мен беріктігін арттыратыны анықталды, бұл өз кезегінде пештердің сенімділігін арттырып, жөндеу жиілігін азайтуға және өндірістік тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Alimkulov, M. (2025). СҰЙЫҚ ШЫНЫ НЕГІЗІНДЕГІ ОТҚА ТӨЗІМДІ БЕТОН ҚҰРАМЫН MS-500 ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ПРЕСС СЫНАҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ТӘЖІРИБЕЛІК АНЫҚТАУ. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы, (4). Retrieved from https://journals.ektu.kz/vestnik/article/view/1350

Осы автор(лар)дың ең көп оқылған мақалалары

Жарияланымның атауы Авторлар Тиістілігі Тілі Көрулер Күні Дәйексөз
1 Tерең Карьер Борттарының Орнықты Еңістерінің Ресурс Сақтаушы Пішіндері Мен Параметрлерін Негіздеу Ипалаков Т., Апшикур Б., Алимкулов М., Капасов А.
  • ВКТУ им. Д. СЕрикбаева
  • Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ
  • Логистика және көлік академиясы
KZ 139 2025-03-28