ҚҰРАМЫНДА МЫС МӨЛШЕРІ ЖОҒАРЫ ЦИАНИДТІК ЕРІТІНДІЛЕУДЕН АЛЫНҒАН ЕРІТІНДІДЕГІ АЛТЫН МЕН МЫСТЫ СОРБЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ДЕСОРБЦИЯЛАУ ҮРДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Жарияланды:
2025-10-01Журналдың саны:
№ 3 (2025): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"Бөлім:
Сәулет және құрылысМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
58Кілт сөздер:
Алтын мыс кендері, цианидті шаймалау, тұйық цикл, қиын байытылатын кендер, сорбция, десорбция, қоюлану, зиянсыздандыруАңдатпа
Бұл жұмыста құрамында мыс мөлшері жоғары Қазақстан Республикасы кен орындарының бірінің алтын мыс кенінің бұрын алынған цианидті ерітінділеу нәтижесінде алынған ерітіндідегі алтын мен мысты сорбциялау және десорбциялау үрдістерін зерттеу көрсетілген. Нәтижесінде ерітіндідегі алтынның минималды қалдық мөлшерін қамтамасыз ету үшін сорбция кезеңдерінің минималды саны 4 екендігі анықталды. Сынақтарда көмірде қол жеткізілген ең жоғары алтын мөлшері 2,8 кг/т. Мыс мөлшері 7,2 кг/т болды. Нәтижелерге сәйкес, мыс десорбциясы бойынша сынақтар көрсеткендей, мыс десорбциялық ерітіндіге 73–82 % мөлшерінде өткенде, алтынның осы ерітіндімен бірге жоғалуы 0,1 %-дан аспайды. Мыс мөлшері 0,13 % болған көмірден десорбция дәрежесі 10 сағат бойы 40 °C температурада жүргізілгенде 76,7 % құрап, қалдық мөлшері 0,029 % болды, ал 20 °C температурада – 73,8 % болып, көмірдегі қалдық мөлшері 0,034 % құрайды. Мыс десорбциясының төмендеуіне байланысты 3-4 операциядан кейін ерітіндіні жаңарту керек.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 ШҚТУ Хабаршысы
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Осы автор(лар)дың ең көп оқылған мақалалары
| № | Жарияланымның атауы | Авторлар | Тиістілігі | Тілі | Көрулер | Күні | Дәйексөз |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Теплофизические Свойства Эпоксидных Композитов, Наполненных Микросферами | Әділқанова М. |
|
EN | 106 | 2023-09-30 | |
| 2 | Қазақстан Кен Орнының Тотыққан Мыс Кендерін Өңдеу Технологиясын Жетілдіру | Әділқанова М. |
|
EN | 94 | 2025-03-28 |