Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ДРЕНАЖ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ӨНДІРУДЕ АДДИТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Валентина Колпакова ВКТУ им.Д. Серикбаева

Жарияланды:

2022-04-13

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Қаралымдар:

105

Кілт сөздер:

су бұру (әкету) науалары; дренажды торлар; фибробетон; шыны фибробетон; аддитивті технологиялар; құрылыстық 3D – принтер.

Аңдатпа

Ашық типтегі спорттық нысандар үшін дренаж жүйелерін салудағы басты міндет -құрылыстың экономикалық шығындарын азайта отырып, су әкететін науаларға арналған дренаж торларының беріктігі мен сенімділігін арттыру. Осы мақсатқа жету үшін беріктіктің жоғары талаптарына сәйкес келетін бетонның құрамын таңдау қажет және де ол үнемді болу керек. Бұл мәселені шешу тұтқыр зат ретінде пайдаланылатын цементті қысқарту үшін тау - кен өндірісінің қатты тұрмыстық қалдықтарын (ҚТҚ) және техногендік-минералдық түзілімдерді (ТМТ) қолдану кезінде мүмкін болады. Аддитивті технологияларды қолдану құрылыс мерзімін қысқартуға және қалдықтарды кәдеге жарату арқылы экология мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Зерттеулер аттестатталған зертхана жағдайында стандартты әдістер мен сенімді жабдықтарды қолдана отырып жүргізілді. Экспериментті жоспарлаудың заманауи әдістерін қолдану алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал етті.

Авторлар жұмысының нәтижелері: ұсатылған әйнек қосылған шыны фибробетонның құрамы жасалды; ТМТ қосылған бетондардың құрамы жасалды; шыны фибробетонның құрамына ұсатылған әйнекті қосу және бетонның құрамына ТМТ қосу әзірленді және негізделді; құрылыстық 3D принтерінде басылып шығарылған дренаж торларын жасау үшін ТМТ қосылған бетонды қолдану ұсынылды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы: жүргізілген сынақтардың нәтижелері ұсатылған шыны қосылған фибробетон мен  техногендік - минералдық түзілімдер қосылған бетондардың  құрамы бойынша салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік берді.

Алынған нәтижелер ашық спорт стадиондарының су бұру науаларына арналған дренажды торларды дайындау саласында аддитивті технологияларды қолдану мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік берді.

Колпакова, В. (2022). ДРЕНАЖ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ӨНДІРУДЕ АДДИТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы, (1), 62–73. Retrieved from https://journals.ektu.kz/vestnik/article/view/123

Осы автор(лар)дың ең көп оқылған мақалалары

Жарияланымның атауы Авторлар Тиістілігі Тілі Көрулер Күні Дәйексөз
1 Шаруашылық - Тұрмыстық Сарқынды Суларды Тазарту Үшін Жұқа Қабаттық Тұндыру Процессін Зерттеу Колпакова В.
  • ВКТУ им.Д. Серикбаева
RU 82 2023-12-22