Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАРЫНША АЗАЙТУ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Самал Ургушева Астана халықаралық университеті
Асем Саменова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Жүктеулер

Жарияланды:

30.09.2026

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Қаралымдар:

55

Жүктеулер:

23

Кілт сөздер:

проблемалық несие, қарыз алушы, несие беруші, банк, несиелік тәуекел

Аңдатпа

Мақалада мерзімі өткен банктік несие берешегі және оның коммерциялық банктердің несие портфельдерінің сапасына тигізетін әсері талданады. Мерзімі өткен несиелер жаңа несие беруді ығыстырып шығарады, сондай-ақ банктердің табыстылығы мен төлем қабілеттілігін төмендетеді. Банк портфеліндегі мерзімі өткен несиелер үлесінің артуы оның қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға теріс әсер етеді. Қаржы нарығының жұмысындағы іркілістер мен банктердің қызметіндегі кедергілер экономиканың қалпына келуін тежейді. Банк тәжірибесінде несие портфелінің сапасын арттыру және мерзімі өткен берешекті өндіріп алудың алуан түрлі әдістері қолданылады. Проблемалық несиелермен жұмыс істеу кезінде өтелмеген берешекті азайтуда табысқа кепілдік беретін әдісті таңдау өте маңызды. Мақалада заманауи жағдайлар мерзімі өткен несиелік берешекті өндіріп алу әдістерін үнемі жаңартуды, сондай-ақ проблемалық несиелерге қатысты тұрақты мониторинг пен белгіленген рәсімдердің болуын қажет ететіні туралы қорытынды жасалады.

Ургушева, С., & Саменова, А. (2026). Проблемалық несиелер және оларды барынша азайту әдістері. SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIES, 3(3), 89–109. https://doi.org/10.51885/3107-2755_SSADH_2026_3_6