ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ҮШІН КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ-РЕГРЕССИЯЛЫҚ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ
Жүктеулер
Жарияланды:
30.09.2026Журналдың саны:
Нөмір 3 № 3 (2026): SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIESБөлім:
Экономика және БизнесМақала тілі:
Ағылшын тіліҚаралымдар:
65Жүктеулер:
27Кілт сөздер:
тәуекелдерді бағалау, математикалық модель, корреляциялық-регрессиялық әдіс, білім беру қызметі, ЖООАңдатпа
Жұмыстың мақсаты-математикалық әдістерді қолдана отырып, университеттердегі ағымдағы тәуекелдерді бағалау. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлайтын елдің техникалық жоғары оқу орындарында талапкерлер санының азаюы стратегиялық даму бағдарламасындағы негізгі тәуекелдердің бірі болып табылады. Мақалада осы тәуекелге әсер етуі мүмкін жағдайлар анықталды және алынған мәліметтер негізінде регрессиялық талдау жүргізілді. Алынған нәтижелердің толықтығы үшін корреляция және регрессия әдісі қолданылды. Жоғары білімнің қолжетімділігінің экономикалық, әлеуметтік, жеке және ақпараттық факторларының белгілері мен ерекшеліктерін ескеретін көрсеткіштердің бірыңғай жүйесі құрылды. Зерттеу нәтижесінде регрессия теңдеуі құрылды және тәуекел мөлшері есептелді, алынған модельдердің маңыздылығы бағаланды және модельдеу процесінде алынған нәтижелерге түсініктеме берілді. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық маңыздылығы корреляциялық-регрессиялық талдау мен экономикалық-математикалық модельдеуді қолдану мүмкіндігін негіздеу арқылы әдіснаманы жетілдіру болып табылады.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Аяжан Сериктаева, Женисгуль Рахметуллина, Раушан Мухамедова, Кымбат Солтанбекова

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.