Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ИНЖЕНЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚТАҒЫ БЕЙРЕСМИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХИ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: ДӘСТҮРДЕН ҚАЗІРГІ ТӘЖІРИБЕГЕ ДЕЙІН

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Айзат Урустюмова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Жүктеулер

Жарияланды:

2026-06-30

Мақала тілі:

Ағылшын тілі

Қаралымдар:

102

Жүктеулер:

51

Кілт сөздер:

бейресми білім беру, қосымша білім беру, кәсіби құзіреттілік, инженерлік мамандар, білім алушылар, тәжірибелік оқыту

Аңдатпа

Мақалада қазіргі білім беру саласындағы бейресми білім берудің орны анықталып, оның бүгінгі уақыт талабына байланысты маңыздылығы мен дамуы туралы сөз қозғалған. Бейресми білім беру адам өмірінің зияткерлік, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эмоционалды, физикалық көркем-музыкалық, әлеуметтік-педагогикалық, техникалық, туристік-өлкетану, жаратылыстану, дене шынықтыру-спорт, кәсіби т.б. салаларын ұйымдастыруына оң   әсерін тигізетіндігіне мән берілген. Бейресми білім беруді ұйымдастырудың мекемелері мен оларды жүзеге асырудың мақсат, міндеттеріне талдау жасалған.   

Мақала Еуропалық Университет дәстүрлерінен бастап ХХІ ғасырдың өзекті тенденцияларына дейінгі бейресми оқытудың қалыптасуы мен дамуына тарихи шолуды қамтиды. Бейресми білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері, принциптері мен тәсілдері, білім берудің түрлері мен мысалдары, артықшылықтары мен қиындықтары зерттелген. Автор бейресми білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы бүгінгі заманға сай бәсекеге қабілетті кәсіби маман дайындаудың жолын ұсынады.  Бұл әдіс қазіргі білімнің тиімді түрі болып табылатындығын және сол бойынша білім беруді ұйымдастырудың жолдарына тоқталады.  Қазіргі қоғамдағы білім алудың ерекшеліктерін ескере отырып, бейресми білімге деген сұраныстардың артуы салдары зерттелген. Сонымен қатар бейресми білім берудің практикалық тұстарына мән беріліп, университет қабырғасындағы студенттерге, оқытушыларға және  қызметкерлерге арналған қосымша білім беруді ұйымдастыру жолдары туралы баяндалған. Университет негізінде құрылған студенттік клуб негізінде жүзеге асырылатын тәжірибелерді талдауға ерекше назар аударылады. 

Мақаланың мақсаты білім беру орындарында бейресми білім беру формаларын қолдана отырып, заман талабына сай, өзін-өзі жетілдірген, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жолдарын ұйымдастырудың тиімділігін ашу. Бейресми білім беруді ұйымдастыру арқылы қоғамның дамуына белсенді ат салысатын тұлғаны қалыптастыру.

Урустюмова, А. (2026). Инженерлік дайындықтағы бейресми білім берудің тарихи эволюциясы: дәстүрден қазіргі тәжірибеге дейін. SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIES, 2(2), 185–196. https://doi.org/10.51885/3107-2755_SSADH_2026_2_11