ДӘСТҮРЛІ ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНДАҒЫ АМАНАТҚА ЖЕРЛЕУ КЕЗІНДЕ МӘЙІТТІҢ БҰЗЫЛМАУЫ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛҒАН ШӨП-ДӘРІЛЕР МЕН ҚҰРАЛДАР ТҮРЛЕРІ
Жүктеулер
Жарияланды:
30.09.2026Журналдың саны:
Нөмір 3 № 3 (2026): SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIESБөлім:
Тарих және АрхеологияМақала тілі:
Қазақ тіліҚаралымдар:
64Жүктеулер:
37Кілт сөздер:
аманатқа жерлеу, аманат қою, жерлеу ғұрпы, мәйітті сақтау, мәйітті тасымалдау, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіАңдатпа
Мақалада қазақ қоғамындағы аманатқа жерлеу дәстүрі мәйітті уақытша сақтау, тасымалдау және түпкілікті жерлеу үдерістерімен сабақтастықта қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – далалық этнографиялық материалдар мен жарияланған деректер негізінде аманатқа жерлеу кезінде мәйітті сақтаудың, бұзылудан қорғаудың және алыс қашықтыққа тасымалдаудың дәстүрлі тәсілдерін жүйелеу. Зерттеу барысында тарихи-этнографиялық, деректанулық сын, тарихи-салыстырмалы, типологиялық және функционалдық талдау әдістері, сондай-ақ жартылай құрылымданған сұхбат әдісі қолданылды. Деректерде мәйітті жылқы немесе түйе терісіне орау, тұздау, бал жағу, табиғи суықты пайдалану, қарға көму, үңгірде немесе арнайы орындарда сақтау сияқты тәсілдердің қолданылғаны анықталды. Сонымен қатар мәйітті Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне және басқа да атаулы жерлеу орындарына жеткізу кең әлеуметтік және материалдық ұйымдастыруды талап еткені көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде аманатқа жерлеу мәйітті дайындау, уақытша сақтау, тасымалдау және түпкілікті жерлеуден тұратын кешенді жерлеу тәжірибесі ретінде қарастырылып, оның қалыптасуына марқұмның өсиеті, қасиетті жерге жерленуге ұмтылыс, табиғи-маусымдық жағдайлар мен кеңістіктік қашықтықтың ықпал еткені тұжырымдалады.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Куаныш Искаков

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.