Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: ЦИФРЛЫҚ ОРТАДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУЫ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Ерик Ахметов Институт законодательства и правовой информации РК

Жүктеулер

Жарияланды:

30.09.2026

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Қаралымдар:

68

Жүктеулер:

29

Кілт сөздер:

цифрлық дәуір, жасанды интеллект, дербес деректер, хат құпиясы, Конституциялық Сот, адам құқықтары

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы цифрлық дәуір жағдайында адам құқықтарын қорғаудың негізгі құралы ретінде қарастырылады. Цифрландыру мен жасанды интеллект денсаулық сақтау, ақпаратқа қол жеткізу, мәліметтер алмасу сияқты салаларда жаңа мүмкіндіктермен қатар, жеке өмірге қол сұқпау, дербес деректердің құпиялылығы, кемсітушілік және цифрлық теңсіздік қатерлерін күшейтетіні негізделеді.

Жаңа Конституциясының жобасы адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған конституциялық-құқықтық тетіктері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты, омбудсмен институты және халықаралық адам құқықтары шарттарын имплементациялау рөлі талданады.

Дербес деректерді қорғау, жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат-хабар құпиясы, цифрлық түрде экологиялық ақпаратқа қол жеткізу сияқты «цифрлық құқықтардың» конституциялық негіздері және оларды ұлттық заңнамада дамыту қажеттілігі айқындалады. Сондай‑ақ ұзақ мерзімді болашақта қоғамдық қатынастарды «цифрландыру», яғни цифрлық құқықтарды айқын бекіту, конституциялық мониторинг, цифрлық шағымдарға арналған бірыңғай платформалар, мемлекеттік және жеке үйымдардың жауапкершілігін нақтылау сияқты шаралар ұсынылады.

Зерттеу нәтижесінде жаңа Конституцияны цифрлық ортадағы адам құқықтарын қорғаудың кешенді доктриналық және институционалдық негізімен толықтыру Қазақстанның халықаралық стандарттарға сай, адам құқықтарына бағдарланған цифрлық құқықтық кеңістік құруына мүмкіндік беретіні қорытындыланады.

Ахметов, Е. (2026). Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: цифрлық ортада адам құқықтарын қорғауы . SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIES, 3(3), 182–196. https://doi.org/10.51885/3107-2755_SSADH_2026_3_11