Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ПОСТКЕҢЕСТІК ТРАНСФОРМАЦИЯ КОНТЕКСТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ ДИАСПОРАЛАРЫН ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Жанар Садвакасова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Жүктеулер

Жарияланды:

30.09.2026

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Қаралымдар:

57

Жүктеулер:

28

Кілт сөздер:

диаспора, қырғыз диаспорасы, қазақ диаспорасы, посткеңестік трансформация, цифрлық диаспора, этномәдени бірегейлік, трансұлттық байланыс

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – посткеңестік трансформация жағдайында қазақ және қырғыз диаспораларын зерттеуге қолданылатын теориялық және әдіснамалық тәсілдерді жүйелеу, олардың түсіндіру мүмкіндігі мен шектеулерін салыстыру. Зерттеу нарративтік әдеби шолу мен салыстырмалы-тарихи талдауға негізделді. Диаспораның классикалық, конструктивистік, трансұлттық, институционалдық және цифрлық тұжырымдамалары, сондай-ақ Орталық Азиядағы этникалық қауымдастықтар мен көші-қонға арналған еңбектер талданды. Нәтижесінде посткеңестік қазақ және қырғыз қауымдастықтарын тек шашырау, ортақ жады және тарихи отанға бағдарлану белгілері арқылы сипаттау жеткіліксіз екені анықталды. Олардың бір бөлігі шекаралардың өзгеруі салдарынан диаспоралық мәртебеге ие болса, екінші бөлігі кейінгі еңбек, білім және отбасылық көші-қон нәтижесінде қалыптасты. Сондықтан мәртебе, буын, гендер, көші-қон траекториясы, азаматтық және цифрлық байланыстарды бірге қарастыратын көпдеңгейлі модель ұсынылады. Мақаланың теориялық маңызы диаспораны тұрақты этникалық бірлік емес, институттар, әлеуметтік желілер және сәйкестену тәжірибелері арқылы үнемі қайта жасалатын қатынастық құбылыс ретінде түсіндіруінде. Практикалық маңызы – салыстырмалы зерттеулерге арналған көрсеткіштер жүйесін және деректерді көпәдісті зерттеу тәртібін ұсынуында. Болашақ зерттеулер аралас әдістерге, цифрлық этнографияға және бірнеше елді қамтитын бойлық дизайнға сүйенуі қажет. 

 

Садвакасова, Ж. (2026). Посткеңестік трансформация контекстіндегі қазақ және қырғыз диаспораларын зерделеудің теориялық-әдіснамалық тәсілдері. SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIES, 3(3), 197–210. https://doi.org/10.51885/3107-2755_SSADH_2026_3_12