БҰҚТЫРМА АЛҚАБЫНЫҢ ОТАРЛАНУЫ
Жүктеулер
Жарияланды:
2026-06-30Журналдың саны:
Нөмір 2 № 2 (2026): SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIESБөлім:
Тарих және АрхеологияМақала тілі:
Орыс тіліҚаралымдар:
16Жүктеулер:
4Кілт сөздер:
Ресей, Алтай Тау-кен басқармасы, отаршылдық саясат, көші-қонАңдатпа
Аңдатпа. Мақалада Қазақстандық Алтайдың негізгі бөлігін құрайтын Бұқтырма алқабының отарлануы және оның салдары мәселелері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Бұқтырма өңірін отарлау мәселесі отандық тарихнамада әлі толық зерттелмеген тақырыптардың бірі болып табылады. Ресейлік зерттеушілер бұл проблеманы «Орыс әлемі» идеясы тұрғысынан бағалап, ерекше белсенділік танытуда. Осы жағдайда нақты тарихи деректерге сүйене отырып, қазақтардың Алтаймен байланысын, осы өңірдің отарлану ерекшеліктерін талдай отырып, Бұқтырма алқабы қазақтардың этникалық аумағының бір бөлігі болып табылатынын дәлелдейміз. Зерттеуде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік Архивінің Алтай бөлімшесіндегі ізденіс жұмыстарының нәтижелері кеңінен қолданылған. Сонымен қатар аталған тақырыпқа қатысты әр жылдары жарық көрген құжаттар мен деректер пайдаланылған. Зерттеу барысында тарих ғылымында кеңінен тараған саралау, талдау, жүйелеу, салыстыру, әдістері қолданылды. Ұзақ уақыт бойы қазақтардың тарихы көршілес халықтардың, соның ішінде сібір түркілерінің тарихи тағдырынан тыс қарастырылылып келді. Әр түрлі этнографиялық, археологиялық және фольклорлық деректерді салыстыра отырып, қазақтардың Алтаймен байланысы ұзақ уақыт үзілмегеніне көз жеткіземіз. Оңтүстік Алтайды алып жатқан Бұқтырма қазақтарының өміріндегі күрделі кезеңдердің бірі Ресейдің отаршылдық саясатының жүзеге асырылуымен байланысты. Алтай Тау-кен басқармасының иеліктерінің үнемі кеңейтіліп отыруы да жер мәселесін одан әрі ушықтырып жіберді. Осы кезеңде қазақтар жерлерінен айрылып, орыс қоныстанушыларының қысымына шыдамай, ата қоныстарын тастап, үдере көшуге мәжбүр болды. Қазақ руларының бір бөлігі Қытай аумағына кетуге мәжбүр болса, екінші бір бөлігі Таулы Алтайға қарай ығысуға мәжбүр болды. Мәжбүрлі көші-қон өте күрделі үрдіс екені белгілі. Бұл үрдіс Бұқтырма алқабындағы қазақ халқының басым бөлігінің шаруашылық құлдырауы мен кедейленуінің басты себептерінің бірі болып табылады.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Раушан Кайсановна Айдарбаева, Амантай Джаксылыков

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.