Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Мейрамгуль Самадиева Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Жүктеулер

Жарияланды:

2026-06-30

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Қаралымдар:

16

Жүктеулер:

4

Кілт сөздер:

студенттердің өзін-өзі тануы, мәселе, тұлға, студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі, академиялық жетістік, өзін-өзі дамыту, жеке және кәсіби даму

Аңдатпа

Бұл жұмыста Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бастапқы буын студенттерінің өзін-өзі тануы бойынша зерттеу қарастырылған. Аталған процесті зерттеу - жеке тұлғаның қалыптасуында және дамуында маңызды. Жеке тұлға ретінде даму және кәсіби салада өсу үшін өзін-өзі танудың маңыздылығы - бұл жас ұрпақты қалыптастырудың ажырамас критерийі болып табылатын осы процестің басталуы. Қоғамның жастарды тек кәсіби тұлға ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде де оқытуға қойылатын талаптары мен біржақты оқу процесі арасындағы қайшылық. Өзін-өзі тану процесі, ең алдымен, ішкі үйлесімділік, сонымен қатар, жастардың психикалық және физикалық денсаулығын табудың шарты. Біздің бұл процесті зерттеуімізде бір жағынан студенттің өзін жеке тұлға ретінде дамытуы деп түсінеміз, екінші жағынан, кәсіби маман ретінде қалыптасуының нәтижесі. Жұмыстың мақсаты - жастардың өзін-өзі тану деңгейін зерттеу және олардың жеке және кәсіби өзін-өзі анықтау процесінде өзін-өзі танудың маңыздылығын ашу. Жұмыста зерттеулерге сүйене отырып, аталған процестің жеке дамуға, өзін тәрбиелеуге, кәсіби өсуге, психологиялық әл-ауқатқа, оқу мен ғылымдағы сәттілікке және болашақ мамандықты таңдауға әсер ету жолдары ашылды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы студенттердің жеке және кәсіби дамуын жақсартуға бағытталған.

Самадиева, М. (2026). Студенттердің өзін-өзі тануы. SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIES, 2(2), 140–154. https://doi.org/10.51885/3107-2755_SSADH_2026_2_9