Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ҚЫРҒЫЗСТАН МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ-ТАРИХИ ТУРИЗМ: ДАМУ ҮРДІСТЕРІ МЕН ДАМУ ӘЛЕУЕТІ (1992-2023 Ж.)

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Капасова Гульнара Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Жүктеулер

Жарияланды:

2026-03-31

Мақала тілі:

Ағылшын тілі

Қаралымдар:

49

Жүктеулер:

20

Кілт сөздер:

ТҮЙІН СӨЗДЕР: мәдени-тарихи туризм, туризм, тарихи мұра, мәдени мұра, рухани мұра, стратегиялық ресурс, экономика.

Аңдатпа

Мақала Қырғызстан мен Қазақстандағы мәдени-тарихи туризм мәселесіне арналған. Осы саланың қазіргі жағдайы зерттеп, автор осы тақырып бойынша материалдарды талдау негізінде мәдени-тарихи туризмнің күшті потенциалы бар және болашақта екі елдің экономикасы үшін стратегиялық ресурс бола алады деген қорытындыға келеді. Мықты потенциалды пайдаланып, бар мәселелер дұрыс шешімін тапса, бұл сала экономикада өзінің орнын иемденетіне елдердің қолайлы географиялық орналасуы, Қырғызстан мен Қазақстанның Еуразиядағы әйгілі тарихи оқиғалардың ортасында болуы және Ұлы Жібек жолы да осы елдер арқылы өтуі себеп болады. Бұл елдердегі жергілікті халықтың өмір сүру салты бүкіл тарихында жинақталған мәдени-тарихи мұрасы өзіндік этникалық иісімен, тарихқа терең тамырын жайған бай философиялық мәнімен ерекше сипатқа ие. Осының барлығы туристік компанияның стандартты қызметтерін алып қана қоймай, рухани байып, жергілікті халықтың мәдениеті мен тарихы туралы білім алғысы келетін туристер арасында үлкен қызығушылық тудырады.

Мәдени-тарихи туризмді дамыту жалпы туризм саласымен тығыз байланысты және, өкінішке орай, инфрақұрылымдық жағынан бұл салалар белгілі бір қиындықтарды бастан кешіріп жатқанын айта кеткен жөн. Сондықтан, автор болашақта экономиканың осы сегментінің мәселелерін шешу үшін стратегиялық жобаларды жүзеге асыру мемлекеттер үшін орасан зор пайда әкеледі деген ойда.

«Қырғызстан мен Қазақстандағы мәдени-тарихи туризм: даму үрдістері мен даму әлеуеті (1992-2023 ж.)» мақаласының мақсаты Қырғызстан мен Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуындағы мәдени-тарихи туризмнің рөлін талдау болып табылады. Мақала осы елдердің бай тарихи және мәдени мұраларының туристерді тарту және экономикалық өсуді ынталандыру үшін қалай пайдаланылатынын зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, ол мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын және оның екі елдегі туризмді дамыту стратегиясындағы рөлін атап көрсетеді.

Автор өмірбаяны

Капасова Гульнара

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі

ORCID: 0009-0008-1101-3997

Email: [email protected]

Капасова , Г. (2026). Қырғызстан мен Қазақстандағы мәдени-тарихи туризм: даму үрдістері мен даму әлеуеті (1992-2023 ж.). SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIES, 1(1), 188–200. https://doi.org/10.51885/3107-2755_SSADH_2026_1_12