ИНЖЕНЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ АРХИТЕКТУРАСЫ
Жарияланды:
2023-12-22Журналдың саны:
№ 4 (2023): «Вестник ВКТУ им. Д. Серикбаева»Бөлім:
СтатьиМақала тілі:
Ағылшын тіліҚаралымдар:
110Кілт сөздер:
цифрлық платформа, инженерлік білім беру моделі, Веб-қосымша, бағдарламалық жасақтама, көп деңгейлі архитектурасыАңдатпа
Технологиялардың қарқынды дамуы мен білім беру саласындағы тұрақты өзгерістерді ескере отырып, цифрлық платформаларды құру инженерлік білім беру жүйесін инновациялық трансформациялаудың аса маңызды элементіне айналады. Бұл мақала инженерлік білім берудің ұлттық моделін құру мен енгізуді ресурстық қамтамасыз етуге және операциялық қолдауға арналған цифрлық платформаны әзірлеудің маңыздылығын зерттеуге және негіздеуге арналған. Мақалада модульдік тәсілге негізделген цифрлық платформаның архитектурасы қарастырылады. Зерттеу барысында қажетті қызметтер жиынтығы, пайдаланушылардың әлеуетті санаттары, оның жұмысын қамтамасыз ету үшін іске асырылуы тиіс қажетті бағдарламалық компоненттер анықталды. Ұсынылған архитектура негізінде цифрлық платформаны іске асыру пайдаланушылардың әртүрлі санаттарына жұмыста инженерлік бейіндегі кәсіптерді қолдауға байланысты қажетті сервистер жиынтығын пайдалануға мүмкіндік береді.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 ШҚТУ Хабаршысы
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.